(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІ БОЙЫНША СОТ ТӘЖІРИБЕСІ ТУРАЛЫ» ...

Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысы

(2013.04.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жеке айыптау жөніндегі қылмыстық істерді қарау кезінде заңдарды біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында, сонымен қатар осыған байланысты сот тәжірибесінде туындаған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы,

Қаулы етеді:

1. Соттар жеке айыптау қылмыстық істері бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін және жеке басына қол сұғылмаушылық құқықтарын, олардың басқа да конституциялық құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарын нақты және бұлжытпай орындауы керек.

2. Жеке айыптау ісін қозғауға жәбірленушінің: 18 жасқа толған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 75, 80-баптарында көрсетілген жәбірленушінің заңды өкілдерінің және өкілдерінің шағымы себеп болады.

ҚІЖК 33-бабының екінші бөлігіне сәйкес, егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз тұлғалардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауы мүмкін.

Қылмыстық ізге түсуден артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты ҚІЖК 53-тарауында белгіленген іс жүргізу ерекшеліктері жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу кезінде де қолданылатынын соттар есте сақтауы керек.

Қылмыстық ізге түсуден артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты жеке айыптау істері тек прокурормен заңда белгіленген тәртіпте және негіздерде қозғалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.